«Қазгидромет» РМК ұсынған мәлімет бойынша, республиканың басым бөлігінде күн ыстық болады.
«Солтүстікте, орталықта, 11-12 шілдеде солтүстік-батыста, 12-13 шілдеде оңтүстікте, 13 шілдеде Қазақстанның оңтүстік-шығысында 43°С-қа дейін өте қатты ыстық болажанады», – делінген хабарламада.
Болжам бойынша, республиканың батысында, солтүстігінде және орталығында найзағай ойнап, бұршақ жауып, екпінді жел соғады. Республиканың шығысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында күн ашық болады.