2024 жылғы 27 желтоқсан күні сағат 09:15-те Іргелі ауылдық округі мен Қаскелең қаласында «BeyAzhTrans» ЖШС-нің «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС алдындағы 390 752 771 теңге көлеміндегі қарызына байланысты электр қуаты уақытша ажыратылды.
Жедел әрекет және мәселенің шешімі
Қарасай ауданы әкімдігі жағдайды бақылауға алып, шұғыл түрде «АЖК» АҚ басшылығымен келіссөздер жүргізді. Нәтижесінде, бір сағат ішінде электр қуаты толығымен қалпына келтірілді.
Электр қуатының үзілуінен туындаған қолайсыздықтардың салдарын азайту және осындай жағдайлардың болашақта қайталануын болдырмау мақсатында барлық мүдделі тараптардың бірлескен жұмысы ұйымдастырылып жатыр.
Тұрғындардан келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсіністік пен шыдамдылық танытқандары үшін алғысымызды білдіреміз. Қалыптасқан жағдайды жою және мұндай мәселелердің алдын алу үшін барлық қажетті шаралар қолға алынуда.
Сонымен қатар, сот тәртібімен «BeyAzhTrans» ЖШС-нің «Асыл Арман» және «Алтын Ауыл» тұрғын үй кешендерін электрмен қамтамасыз ету, сондай-ақ Қарасай ауданы ауылдарын сумен жабдықтау мүлік кешенін жекешелендіруді тоқтату мәселесі қарастырылуда.
Бұл оқиға аудан тұрғындарының жағдайын жақсартуға бағытталған жауапты шаралардың маңыздылығын көрсетеді.