«Осыған дейін жастардың әлеуметтік жағдайын жақсарту үшін, кәсіпкер жастарды қолдау үшін бірнеше бағдарламалар жүзеге асты. Кешегі өткен сайлаудан кейін де бұл бағдарламалар ары қарай өз жалғасын тауып, жастардың көкейінде жүрген түйіткілдер шешіледі деген үміттеміз», — деді белсенді.
Оның айтуынша, сайлауға жастар белсене қатысып, өздерінің азаматтық позицияларын білдірді.
«Ел ертеңі жарқын боларына үмітіміз мол. Жастар да кемел келешек үшін қолынан келгенін аянып қалмас», — деді Қайрат Жұмабайұлы.