«19 наурыз күні өткен ҚР Мәжілісі мен мәслихаттарға депутаттарды сайлау біз күткен деңгейде болды деп есептеймін. Өзіміз куә болған сайлау учаскелеріндегі атмосфера осыған көзімізді жеткізді», — деді Кәдірбек Құныпияұлы.
Ол өзінің пікірінде Кеген ауданындағы Бөлексаз сайлау учаскесінде таңғы сағат 7 болмай-ақ дауыс берушілер жинала бастағанын айтты. Оның айтуынша, ең қарт сайлаушы мен ең жас сайлаушыға сыйлықтар тапсырылды.
«Ауданның барлық сайлау учаскелерінде халық белсенділігі өте жоғары деңгейде болды. Яғни, сайлаушылардың саяси өресі анағұрлым жоғарылай бастаған. Халықтың жаңа Мәжіліс пен мәслихаттарына артып отырған сенімі де орасан. Депутаттарымыз осы сенім үдесінен көрінеді деп сенеміз!», — деді бас редактор.