Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментіне (бұдан әрі — Департамент) Алматы облысының жер ресурстарын басқару департаментібасшысының бала күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалысты ары қарай ұзартпаутүріндегі іс-әрекеттеріне шағым түскен.
«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметі туралы» Занының 5- бабының 2 – тармағының 21) тармақшасына сәйкес, уәкілетті орган, яғни Департамент мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасын бұзу, сондай-ақ қызметтік әдепті сақтау мәселелері бойынша әрекеттерді (әрекетсіздігі) мен шешімдеріне жеке және заңды тұлғалардың шағымдарын қарайды.
Департаменттің әрекет етуінен кейін Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 100 — бабынасәйкес, жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті органның қызметкеріне бала күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалысы ағымдағы жылдың 14 қыркүйегінен бастап 1 желтоқсанына дейін ұзартылды.