Синоптиктер алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды alataunews.kz.
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы демалыс күндері Қазақстанның көп бөлігінде қар жауады, әсіресе орталық және шығыс өңірлерде қардың қалың түсуі және көру мүмкіндігінің төмендеуі болжанып отыр. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста жаңбыр, таулы аймақтарда жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын күтілуде.
Еліміз бойынша жел күшейіп, тұман түсуі мүмкін, ал батыс өңірде антициклон әсерінен ашық ауа райы сақталады, бірақ түнде 5-10 градус аяз болады. Қалған өңірлерде температура минус 2-10 градусқа дейін төмендейді, тек оңтүстікте түнде 5-10 градус жылы сақталады.
Полиция Солтүстік Қазақстандағы ауа райының өзгерісіне байланысты жүргізушілерге сақтық шараларын ескере отырып, көліктеріне қысқы дөңгелектерді уақытылы ауыстыруды және көктайғақта қауіпсіздік ережелерін сақтауды ұсынады.