«Алматы облысының Білім басқармасы Талғар ауданы Дәулет ауылының орта мектебіне қатысты жағдай бойынша хабарламада: үшінші тоқсаннан бастап күрделі жөндеу аяқталғанға дейін 643 оқушы ескі мектеп ғимаратында офлайн форматта оқитын болады», — делінген басқарманың хабарламасында.
Облыстық білім басқармасының хабарлауынша, оқушыларды қоғамдық көлікпен 15 км қашықтықта орналасқан басқа мектептерге тасымалдау балалардың өміріне қауіп төндіреді.
Сонымен қатар, Дәулет ауылындағы ескі мектеп ғимараты 1986 жылы салынған және 140 орынға шақталған. Қазіргі уақытта демеушілердің қаражатына жылу жүйесіне жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
«Мемлекеттен, ата-анадан қаражат алынбайды», — деп атап өтті білім басқармасы.
Дәулет ауылындағы мектеп 2019 жылы пайдалануға берілген. Оның құрылысына 1,6 млрд теңге қаражат жұмсалған.
«2020 жылдың қаңтарында жер асты суларының көтерілуіне байланысты мектеп ғимаратының қабырғалары мен едендері зақымдалды. Құрылыстағы қателіктер дизайнерлердің геологиялық барлау жұмыстарын дұрыс жүргізбеуінен туындады. Жобалық ұйым мектеп ғимаратын жер астында батпақты және шөгінді топырағы бар жерге салған», — деп хабарлады Талғар ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.