Осы орайда, шілде айында департамент маманы Мәдідоллда Қайроллаұлы Талдықорғанда тұтынушыларға кеңес беру шараларын ұйымдастырды. Ол сауалдарға жауап беріп, «ҚР Тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы» заң жобасы аясында ақпараттар берді.
Тұтынушылардың бірі жақында өз басынан өткен оқиға жайлы айтып өтті. Дәріханаға барып балаларға арналған тағам үлгісін алған, алайда басқа дәріханада осы тауар түрі бірнеше есе арзан болғандықтан бірінші алған дәріханаға қайта барып, тауарын қайтарып, ақшасын қайтаруды сұраған.
Алайда дәріханадағы фармацевт балалар тағамы бұл «дәрілік препарат» және заңға сәйкес қайтарылмайды деп жеткізіп, тұтынушыны алдаған. Осы ретте департамент маманы дәрілік препараттар тізбегіндегі жоқ тауарлар дәріханада сатылса да ол «ҚР Тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы» заңының 14 және 30 бабтарына сәйкес қайтарылу қажеттігін атап өтті.