Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы – 1-А техникалық санатындағы автобан.
Бұл жолдың жалпы ұзындығы – 66 шақырым. Оның 52 шақырымы 6 жолақтық, 14 шақырымы 4 жолақтық жол. Бұл жолда сағатына 120-140 шақырым жылдамдықпен жүруге болады. Жалпы, жол бойында 43 көпір бар. Айналма жол Алматы облысының үш ауданын басып өтеді: Қарасай, Іле, Талғар ауданы.
Ал 12 шілде күні ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жолда ақылы жүру туралы бұйрыққа қол қойды.
Автобанмен бір сағаттық жол:
- жеңіл автокөліктер — 0,07 АЕК (241,5 теңге — 2023 жылға, 2024 жылы АЕК өзгеруі мүмкін — еск.);
- 16 жолаушы орнына дейінгі автобустар және жүк көтергіші 2,5 тоннаға дейінгі жүк автокөліктері — 0,08 АЕК (276 теңге);
- 32 жолаушы орнына дейінгі автобустар және жүк көтергіші 5,5 тоннаға дейінгі жүк автокөліктері — 0,14 АЕК (483 теңге);
- 32 жолаушы орнынан асатын автобустар және жүк көтергіші 10 тоннаға дейінгі жүк автокөліктері — 0,16 АЕК (552 теңге);
- жүк көтергіші 10-нан 15 тоннаға дейінгі жүк көліктері — 0,2 АЕК (690 теңге);
- жүк көтергіші 15 тонна және одан да көп жүк автокөліктерi, оның iшiнде тiркемелерi бар, жүк көтергiш тракторлары — 0,22 АЕК (759 теңге).
ҮАААЖ ақылы учаскесіне іргелес елдімекендерде тіркелген автокөліктердің иесіне ай сайынғы төлем қарастырылған:
- жеңіл автокөліктер – 0,5 АЕК (1 725 теңге);
- 16 жолаушы орнына дейінгі автобустар және жүк көтергіші 2,5 тоннаға дейінгі жүк автокөліктері – 0,6 АЕК (2 070 теңге);
- 32 жолаушы орындығына дейінгі автобустар мен жүк көтергіштігі 5,5 тоннаға дейінгі жүк көліктері – 1 АЕК (3 450 теңге);
- 32 жолаушы орнынан асатын автобустар және жүк көтергіші 10 тоннаға дейінгі жүк автокөліктері – 1,5 АЕК (5 175 теңге);
- жүк көтергіші 10-нан 15 тоннаға дейінгі жүк көліктері – 2 АЕК (6 900 теңге);
- жүк көтергіші 15 тонна және одан да көп жүк автокөліктерi, оның iшiнде тiркемелерi бар, жүк көтергiш тракторлары – 2,5 АЕК (8 625 теңге).
Жылдық абоненттік төлем (365 күн):
- жеңіл автокөліктер – 5 АЕК (17 250 теңге);
- 16 жолаушы орнына дейінгі автобустар және жүк көтергіші 2,5 тоннаға дейінгі жүк автокөліктері – 6 АЕК (20 700 теңге);
- 32 жолаушы орындығына дейінгі автобустар мен жүк көтергіштігі 5,5 тоннаға дейінгі жүк көліктер – 10 АЕК (34 500 теңге);
- 32 жолаушы орнынан асатын автобустар және жүк көтергіші 10 тоннаға дейінгі жүк автокөліктері – 15 АЕК (51 750 теңге);
- жүк көтергіші 10-нан 15 тоннаға дейінгі жүк көліктері – 20 АЕК (69 000);
- жүк көтергіші 15 тонна және одан да көп жүк автокөліктерi, оның iшiнде тiркемелерi бар, жүк көтергiш тракторлары – 25 АЕК (86 250 теңге).
Автобанды 16 жыл бойы жөндеу, сырлау, әрлеу жұмыстары осы жолды салған, түріктің «Alarko contracting group» компаниясы мен кореялық «Makyol» компанияларының инвесторлардың құзырында болмақ.