Синоптиктердің мәліметінше, бүгін ауа райы нашарлайды. Бірнеше облыста тұман түсіп, көктайғақ пен бұрқасын болып, жел күшейеді, деп хабарлайды alataunews.kz.
Жетісу облысы: Шығыс және таулы аудандарында тұман мен көктайғақ байқалады. Жел оңтүстік-батыстан соғып, екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді.
Ұлытау облысы: Көктайғақ пен бұрқасын күтілуде. Түнде және таңертең шығыс пен оңтүстігінде тұман болады. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып, 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.
Қарағанды облысы: Батыс, солтүстік, шығысында көктайғақ пен бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні кей жерлерде 23 м/с-қа дейін жетеді.
Атырау облысы: Солтүстік, шығыс және оңтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады.
Батыс Қазақстан облысы: Солтүстік пен шығысында көктайғақ, күндіз бұрқасын болады. Жел солтүстік-батыстан соғып, жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін жетеді.
Қостанай облысы: Оңтүстік және шығысында бұрқасын күтіледі, жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.
Астана: Түнде бұрқасын болады. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Қызылорда облысы: Солтүстік пен орталығында көктайғақ және тұман күтіледі. Батыстан соққан жел оңтүстікке ауысып, екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді.
Шығыс Қазақстан облысы: Солтүстік, шығыс және оңтүстігінде бұрқасын, көктайғақ болады. Жел екпіні 15-20 м/с.
Абай облысы: Батыс, оңтүстік және орталығында бұрқасын мен көктайғақ болады, жел екпіні 15-20 м/с.
Ақтөбе облысы: Көктайғақ күтіледі.
Алматы облысы: Оңтүстік және таулы аудандарында тұман мен көктайғақ байқалады. Жел солтүстік-шығыстан соғып, екпіні 15-20 м/с.
Алматы: Түнде тұман болады.
Ақмола облысы: Солтүстік, оңтүстік және шығысында бұрқасын күтіледі. Жел екпіні 15-20 м/с.
Павлодар облысы: Батыс, солтүстік және шығысында бұрқасын болады. Жел жылдамдығы 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с.
Маңғыстау облысы: Солтүстік-шығысында тұман мен көктайғақ. Жел 15-20 м/с.
Түркістан облысы: Таулы аудандарда жауын-шашын (жаңбыр мен қар), тұман мен көктайғақ болады. Желдің екпіні 15-20 м/с, таңертең және күндіз 23-28 м/с.
Шымкент: Түнде тұман, таңертең және күндіз желдің екпіні 15-20 м/с.
Жамбыл облысы: Солтүстік, оңтүстік және таулы аудандарында тұман мен көктайғақ күтіледі. Жел екпіні 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с.