Түнде Алматы, Жетісу облыстарының таулы аудандарында, Қостанай облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, Ұлытау облысының шығысында, Жамбыл облысының таулы аудандарында -1-7 градусқа дейін үсік жүреді.
Ауқымды антициклон әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Алайда Оңтүстік циклон және оған ілесіп келетін фронттарға байланысты елдің батысында, оңтүстік-батысында жаңбыр жауады, найзағай жарқылдап, бұршақ жауады.
Кей уақытта қатты жаңбыр жауады, еліміздің оңтүстік-шығысы мен шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.
Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, батыста шаңды дауыл соғады, солтүстікте, солтүстік-шығыста – тұман түседі.