«Бүгін Қазақстанның басым бөлігі ауқымды антициклон ықпалында болатындықтан жауын-шашынсыз ауа райы болады. Тек республиканың батысында, солтүстік-батысында, қиыр шығысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жуады», — делінген «Қазгидромет» хабарламасында.
Республиканың басым бөлігінде тұман түседі, батысында, оңтүстігінде, шығысында жел күшейеді, оңтүстігінде, оңтүстік-батысында шаңды дауыл, күндіз солтүстік-батыста найзағай болады.
Түнде Алматы облысының солтүстігінде, батысында, Қызылорда облысының солтүстігінде топырақ бетінде -2-3 градусқа дейін үсік жүреді. Жетісу облысының басым бөлігінде -2-7 градусқа дейін, Жамбыл облысының таулы аудандарында, Түркістан облысының солтүстігінде және таулы аудандарында -1-3 градусқа дейін суытады.
Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады, кей уақытта тұман түседі. Жолда көктайғақ болады. Оңтүстіктен 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 13-15 аяз, күндіз 1-3 жылы болады.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Жел 0-5 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 0-2, күндіз 11-13 жылы болады.
Шымкентте көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Шығыстан соғатын жел 5-10 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 3-5, күндіз 18-20 жылы болады.