Қазақстанның барлық аумағы солтүстік-батыс циклоны мен атмосфералық фронталды бөліктердің ықпалында болғандықтан, жаңбыр жауады. Солтүстікте, түнде оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Тек республикамыздың оңтүстігінде, батысында күн жауын-шашынсыз болады.
Республикамыздың басым бөлігінде жел күшейіп, оңтүстік-шығыста, солтүстікте, орталықта — бұршақ, дауыл, оңтүстікте — шаңды дауыл, түнде және таңертең солтүстікте, шығыста – тұман.
Түркістан, Маңғыстау, Жамбыл, Қостанай облысының оңтүстігінде, орталығында, Қызылорда облысының батысы мен шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде Қарағанды, Ұлытау облыстарының оңтүстігінде, Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Жетісу облысында, Алматы, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде және Ұлытау облысында, Батыс Қазақстан облыстарының оңтүстік-шығысында өрт қаупі жоғары, Қызылорда облыстарының орталығында өрт қаупі жоғары.