Қытай юанінің орташа сараланған бағамы 63 теңгеге дейін көтерілді (+0,23).
Еуро бағамын Ұлттық банк 495,09 теңге, рубль бағамын 4,74 теңге деп белгіледі.
Ақша айырбастау орындарында доллар 458,5-461,5 теңге, еуро 495,5-500 теңге, ресей рублі 4,69-4,89 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Ал 1 қыркүйектегі саудада мұнайдың әлемдік бағасы төмендеді.
ICE Futures электрондық саудасында Brent маркалы мұнайдың қарашадағы фьючерстерінің құны 0,24%-ға арзандап, барреліне 88,34 доллар болды.
NYMEX электрондық саудасында WTI маркалы мұнайдың қазан айындағы фьючерстері 0,26%-ға арзандап, барреліне 85,33 доллар болды.