«Қазгидромет» синоптиктерінің мәліметінше, 12 қарашада Қазақстанның бірнеше аймағында қар жауып, көктайғақ күтіледі, сондай-ақ кей жерлерде тұман түседі, деп хабарлайды alataunews.kz.
Маңғыстау облысының солтүстігі мен орталығында тұман байқалады.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және шығысында тұман болады. Оралда түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.
Алматы облысының солтүстігі мен батысында тұман болады. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып, солтүстікте секундына 17-22 метрге дейін күшейеді. Қонаев қаласында желдің екпіні күндіз секундына 18 метрге жетуі ықтимал.
Қарағанды облысында күндіз солтүстікте жаяу бұрқасын күтіледі, ал батыс пен орталық бөліктерде тұман түсуі мүмкін. Қарағандыда түнде жаяу бұрқасын болады.
Жамбыл облысының солтүстігі мен оңтүстігінде және таулы аймақтарында тұман және көктайғақ байқалады. Желдің бағыты солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысып, түнде және күндіз таулы аймақтарда екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Таразда тұман түсуі ықтимал.
Қызылорда облысының орталығы мен шығысында тұман болады. Қызылордада түнде және таңертең тұман түседі.
Қостанай облысының оңтүстігі мен шығысында тұман болады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында қар мол жауып, бұрқасын және көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғып, екпіні секундына 15-23 метрге жетеді. Өскеменде түнде жаяу бұрқасын күтіледі.
Абай облысының оңтүстігі, шығысы және орталығында күндіз бұрқасын мен көктайғақ болады. Желдің екпіні секундына 23 метрге дейін жетуі мүмкін. Семейде түнде және таңертең жаяу бұрқасын байқалады.
Солтүстік Қазақстан облысының батысы, солтүстігі және шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетуі мүмкін, Петропавлда да жел күшейеді.
Ақмола облысының батысы, солтүстігі және шығысында бұрқасын болады, түнде және таңертең тұман күтіледі. Жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.
Атырау облысының батысы мен солтүстігінде тұман күтіледі.
Түркістан облысының таулы аймақтарында тұман болады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні тау асуларында секундына 15-20 метрге дейін күшеюі ықтимал.
Жетісу облысының таулы аймақтарында тұман түседі, ал солтүстігінде желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.