Алматы қаласының лаңкестікке қарсы күрес бойынша жедел штабының мәліметінше, оқу-жаттығудың мақсаты – адамдар көп жиналатын жерлерде лаңкестік сипаттағы қауіп-қатер туындаған жағдайда өзара іс-қимыл жасау дағдыларын пысықтау. Жаттығу міндеттері лаңкестік актісінің жолын кесу механизмін жетілдіруге бағытталған.
Сонымен қатар оқу-жаттығу кезеңінде шектеу шаралары қарастырылған.
«Осыған байланысты біз азаматтарды болып жатқан оқиғаларға түсіністікпен қарауға, тыныштық пен қауіпсіздік шараларын сақтауға, оқу-жаттығуларға қатысқан мемлекеттік қызметкерлердің заңды талаптарын сақтауға шақырамыз. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 443-бабына сәйкес, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысушы тұлғаның заңды талабына бағынбау әкімшілік жауапкершілікке әкелетінін ескертеміз», — деп хабарлады жедел штабтың өкілдері.