«2023 жылы бөлінген бюджет — 162,8 млрд теңге. Оның ішінде еңбекақы төлеу қоры – 118,8 млрд теңге немесе барлық бюджеттің 73% құрайды», — деді Жетісу облысы әкімінің орынбасары Рустам Әли өңір басшысының қатысуымен өткен кеңейтілген кеңесте.
Баяндамашының мәліметі бойынша, қазір Жетісу облысында 339 мектеп бар. Онда 128 700 оқушы оқиды. Ал оларға 15 691 мұғалім білім береді.