«Бірінші тоқсанда аудан экономикасына тартылған инвестициялар өсімді көрсетті (3,5 млрд. теңге, 2 есе өсім). Жалпы, облыстың инвестициялық портфелі 30,2 мың жұмыс орнын құратын 3,9 трлн. теңгеге 231 жобаны қамтиды», — деді Марат Сұлтанғазиев.
Облыс басшысының айтуынша, ауданның инвестициялық қоржынында 443,8 млрд. теңгеге 2,7 мың жұмыс орнын құруға арналған 35 жоба бар.
Олардың ірілері:
— қуаттылығы жылына 1 мың тонна қияр мен қызанақ (2,1 млрд. теңге, 35 жұмыс орын) өсіретін «Бірлік» АҚ 3 га жерге жылыжай кешенін салу;
— қуаттылығы 1,5-2 мың ұсақ мал басын өсіру мақсатындағы «Rancho Hampshire» өндірістік базаны ұйымдастыру (1,2 млрд. теңге, 50 жұмыс орны);
— қуаттылығы жылына 10 тонна қоқыс өңдейтін «Essentay&V» кешенінің құрылысы (1,2 млрд. теңге, 69 ж/орын);
— жылына 96 мың бірлік әрлеу плиткаларын өңдейтін «Qazaq Tass» табиғи тасты өңдеу кешенін салу.
«Биыл 497 жұмыс орнын құруға арналған 8,3 млрд. теңгеге 19 жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Біз үшін өңдеуші кәсіпорындарды одан әрі дамыту өте маңызды. Бұл Мемлекет басшысы алдымызға қойған аса маңызды міндет», — деді өңір басшысы.