Жаз маусымында гүлдерді күтіп ұстау үшін уақытша «Урбан» компаниясы таңдап алынған. Жақында тендер арқылы мердігер компания анықталмақ.
«Биыл 14 мың қылқанжапырақты ағаш егілмек. Оның ішінде, 7 мыңы осы күнге дейін отырғызылып қойды. Қалғаны қараша айында егіледі», — деді Қонаев қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы Дархан Қарағонысов.