«Елімізде өңделетін жеміс-жидектің 33 пайызы Алматы облысында өсіріледі. Бұл — жақсы көрсеткіш. Мысалы, Қазақстанда жалпы көлемі 3,5 млн тоннадан астам жеміс-жидек өсірілсе, оның ішінде біздің өңірде 1,2 млн-ға жуығы өндіріледі», — деді Марат Сұлтанғазиев.
Оның айтуынша, биыл Ұйғыр ауданында «Шонжы Агро» ЖШС-нің шырын шығаратын шағын зауытының құрылысы аяқталады. Бұл зауыттың қуаттылығы — 25 тонна.
«Былтыр Талғар ауданында қуаты 500 тонна «Баймен» ЖШС алма өңдеу цехы, Еңбекшіқазақ ауданында қуаты 4000 тонна «Frosco» ЖШС жеміс сақтау қоймасы пайдалануға берілді», — деді әкім.