Тілшінің сөзінше, облыс орталығы Қонаев қаласында интернет өте нашар деңгейде. Шаһардағы демалыс орындарында 2G ғана ұстайды.
«Сұрағыңыз өте орынды. Туризмді дамытамыз десек, интернет мәселесін шешуіміз қажет. Бірнеше күн бұрын «StarLink» спутнигі арқылы Көлсайға интернет қосылды. Бұл жобаны бізге «Freedom» компаниясы ұсынды. Сол серіктестікпен келісімге отырдық. Ары қарай Қонаев қаласынан бастап облыстағы мектептерді, ауылдарды интернетпен қамтимыз. Тұрақты интернет биыл болады», — деді облыс басшысы.