Саркома — cүйек тінінің қатерлі ісігі. Мамандардың айтуынша, облыста биыл қатерлі ісікпен 9875 науқас, оның ішінде саркома ісігімен 106 науқас тіркелген. Ал 67 адам толықтай емделіп шыққан.
Сондай-ақ мамандар аурудың пайда болу себептері мен оны емдеу жолдарын айтты. Олардың сөзіне сүйенсек, саркома тұқым қуалауы мүмкін немесе дұрыс тамақтанбаудан және иммунитеттің әлсіреуінен пайда болады. Аурудың басты емі – ота жасату. Саркомадан емдеу тактикасы болса, қатерлі ісіктің санатына қарай бөлінеді.
Ісік үлкейгенше адамға ешқандай қолайсыздық тудырмауы мүмкін. Терең жерде орналасқан ісік түрлерін тек ультрадыбыстық құрылғылармен тексеруге болады.
«Әдетте, адамдар өте қатты ауырсынуды сезген кезде ғана дәрігерлерге жүгінеді. Диагнозды растау үшін биопсия қажет. Бұл ісік түрі өте сирек кездескендіктен, биопсия маңызды процедура, сосын науқастар МРТ-дан өтеді», — дейді Рашид Мамедов.
Айта кетейік, ісікке шалдыққан науқастардың көпшілігі 30-60 жас аралығындағы адамдар. Ал олардың 30 пайызы 30 жасқа толмағандар.