«Жайлы мектеп» ұлттық бағдарламасы бойынша Алматы облысына жалпы сомасы 382,5 млрд. теңге бөлінеді деп жоспарланып отыр. Бұл өңірде 63 мектеп салуға жеткілікті қаражат. Биыл оның 59,2 млрд. теңгесі бөлініп, 28 нысанның құрылысы басталады», — деді Сапар Нұрашев.
Басқарма басшысының айтуынша, қалған 35 мектеп құрылысы 2024 жылы басталып, 2025 жылдың соңына дейін толығымен 63 мектеп құрылысын аяқтау жоспарланған. Аталған бағдарлама бойынша:
- Еңбекшіқазақ ауданында 13 нысан;
- Талғар ауданы мен Іле ауданында 14 нысаннан;
- Қарасай ауданында 12 нысан;
- Жамбыл ауданында 8 нысан;
- Қонаев қаласында 2 нысан салынады деп жоспарланып отыр.
Сонымен қатар Сапар Нұрашев «1000 мектеп» жобасы аясында биыл Алматы облысында 16 мектеп қолданысқа берілетінін айтты. Яғни, бұл оқушыларды 15 750 жаңа оқу орындарымен қамтамасыз етеді.
«Жаңадан ашылатын мектептерге шақырылатын 650-ге жуық мұғалімді тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі де қарастырылып жатыр. Ол үшін елді мекендерде жер телімдері бөлінді және жобалық-сметалық құжаттамалар әзірленеді», — деді басқарма басшысы.
Айта кетейік, Алматы облысында 425 орта білім беру мектебі бар. Олардың 52-сі үш ауысымда оқытатын мектеп.