«2023 жылдың алғашқы жартыжылдығында еліміздегі орналастыру орындары туристерге 98 млрд теңгеге қызмет көрсетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 45 пайызға артық. Былтыр қаңтар-маусым аралығында еліміздегі орналастыру орындары туристерге 67 млрд теңгеге қызмет көрсеткен болатын. Ал пандемияға дейінгі кезеңмен салыстырсақ, аталған көрсеткіш өсімі 2 есеге жуық. Бірінші жартыжылдықта орналастыру орындарының қызметін пайдаланған туристер саны 3,1 млн адамға жетті. Бұл көрсеткіш 2022 жылдың 6 айымен салыстырғанда 400 мың туристке артық. Ал пандемияға дейінгі деңгейден 1 млн адамға көп», — деді Ақмарал Меңлібек Туризм және спорт министрлігінің Telegram парақшасында.