«Талдықорған қаласында 5 мектеп пен 3 балабақшаның мамандары қыркүйек айының айлығын алмады. Дүйсенбі күні барлық ақша аударымдары толық реттеліп, шоттарына түседі. Келесі аптада жалақысын алады. Мұндай жағдай Жетісу облысы бойынша тек Талдықорған қаласында ғана болып тұр. Себебі, тиісті мамандар дер кезінде құжаттарын жіберіп үлгермеген. Сол себепті, айлықтары шамамен 17 күнге кешіктіріліп отыр. Мұндай келеңсіз жайт тудырған жауаптыларға шара қолданылады», — деді Жетісу облыстық білім басқармасының басшысы Айжан Адамбекова.
Посмотреть эту публикацию в Instagram