Қайғылы оқиға найзағай жарқылдап, күн райы бұзылған кезде болған. Әйел алған жарақаттарынан оқиға орнында жан тапсырды.
«Сарыөмір ауылдық дәрігерлік амбулаториясының кезекші бөліміне 7 шілдеде сағат 17:13-те шақырту келіп түсті. Оқиға орнына келіп жеткен фельдшер медицина қызметкерлері келгенге дейін әйелдің көз жұмғанын тіркеді. Өлімнің себебін сот-медициналық сараптама анықтайды», – деді БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.