«Аудандағы жалғыз колледжді жөндеуден өткізу қажет. Бұл облыс басшылығының жоспарында бар ма?», — деді тұрғынның бірі.
Облыстық білім басқармасының басшысы Салтанат Беспаеваның жауабына сүйенсек, 400 орынды колледжде 142 студент білім алып жатыр. Оқу ғимараты он шақты жыл бұрын жөндеуден өткен. Тек жатақхананы жөндеуден өткізу қажет. Алайда студенттер саны аз болғандықтан күрделі жөндеу жүргізу мәселесі шешілмей тұр.
«Басқа жерлерде ғимарат тапшы. Сіздерде қаншама орынды жатақхана бар. Студенттердің саны жеткіліксіз болса, қызметкерлер де тұра алатындай мүмкіндік жасап, ғимаратты күрделі жөндеуден өткізу қажет», — деді тұрғынның сұрағына жауап берген Марат Сұлтанғазиев.
Сонымен қатар жұртшылық ауылдарда балабақша тапшылығына шағымданды.
«Бала саны аз ауылдарға балабақша салу — күрделі іс. Бұл мәселені мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында шешуге болады. Балабақша ашамын деген кәсіпкерлер болса, көмек көрсетуге дайынбыз. Бір балаға мемлекеттен 52 000 теңге қаржы төленеді. Бұл кәсіпкерлерге үлкен қолдау», — деді облыс әкімі.