Мұздың қалыңдығы шамамен 15 см болды. Жағдайды жаңбыр мен ауа температурасының 7 градусқа жылынуы қиындатты.
Құтқарушылар балықшыларды жағадан 100 метр қашықтықтан тапты, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.
Сағат 00:10-да резеңке қайықтың көмегімен олар эвакуацияланып, жағаға жеткізілді. Құтқаруға ТЖД 3 қызметкері мен 2 бірлік техникасы, 13 қызметкер, 3 бірлік техника және Қонаев жедел-құтқару жасағының 2 қайығы жұмылдырылды.
Балықшылар су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, осындай жағдай 5 наурызда болған еді. 12 балықшы сынған мұзда қалып қойған.
https://www.alataunews.kz/ajmaq/qapshaghajda-synghan-muz-12-balyqshyny-zhaghadan-aghyzyp-aeketti/