Көлдің орташа су деңгейі Балтық жүйесімен 341,60 метрге жетті, деп хабарлайды alataunews.kz.
Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметінше, мұндай нәтижеге қол жеткізу үшін жыл басынан бері Балқаш көліне Іле өзені арқылы Қапшағай су қоймасынан 13,5 текше шақырым су жіберілген.
Айта кетейік, Балқаш көлінің 70%-ға жуық суы трансшекаралық Іле өзені арқылы қалыптасады.