Сондай саяси белсенді азаматтардың бірі — Балқаш ауданының «Құрметті азаматы», Ақдала ауылдық ақсақалдар алқасының төрағасы Бекен Шыбықбаев. Ол бұл сайлаудың басқа сайлаудан ерекшелігі барын айтады.
«Өйткені, бұған дейін аудан әкімдері болсын, басқа лауазымды тұлғалар болсын, тағайындалатын. Бұл жолы әкімдер халықтың еркі, ықыласымен сайланып жатыр. Таяуда ғана үміткерлермен өткен кездесуде оларға әкім болған соң елдің мүддесі, халықтың тағдыры мойнына жүктелетінін, оған сенім артатынын айттық. Сайлаған соң халық одан жауап ала алады. Сондықтан мұны оң өзгеріс деп есептеймін», — дейді қария.