Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ

Балқаш ауданының дәнді дақылдар өнімін арттыруға ғалымдар араласатын болды

Алматы облысының әкімдігінде Балқаш ауданының ауыл шаруашылығын дамыту, оның ішінде, дәнді дақылдар өнімін арттыру мәселесі талқыланған жиын өтті.

27.01.2023
Аймақ

Кеңеске өңірлік ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы, еліміздің түкпір-түкпіріндегі ғылыми институттар мен орталықтардың мамандары қатысты.

«Бұрын Балқаш ауданында күріш егілетін жердің көлемі 16 000 га-дан астам болса, қазір оның көлемі 6 800 гектарды ғана құрайды. Мұның барлығы су тапшылығынан, жерді тұз басуынан болып отыр. Дегенмен де, біздің институт тарапынан аудандағы климатқа төзімді сұрыптарды іріктеп беруге әзірміз», — деді Қазақ егіншілік және Өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының төрағасы Шолпан Бастаубаева.

ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Ғалиолла Мейірман да күріш алқабынан алынатын өнім көлемін оңтайландыру керек екенін айтты.

«Күріш алқабының көлемін одан ары кемітіп жіберсек, құнарлы, баптап, күтіп отырған жерден айырылып қаламыз. Оның орнын жиде мен тоғай басады. Содан кейін қимылдау бәрімізге де кеш болады. Қазіргі мақсат — күріш алқабынан алынатын өнім көлемін ғылыми негіздерге сүйене отырып оңтайландыру және ауыспалы егіншілікке көшу. Мысалы, көпжылдық жоңышқа егілген жерге бес жылдан соң күріш егу. Неге десеңіз, тыңайған топырақты да тиімді пайдалануымыз керек», — деді Ғалиолла Мейірман.

Ал топырақтану институтының маманы Балқаш ауданының топырағына да үлкен зерттеу жасайтын уақыт келгенін сөз етті.

«Негізі, үш жылда бір рет топырақтың құрамы зерттеліп отыруы тиіс. Қазір Балқаш ауданындағы топырақтың құрамында тұз көп. Бұл ақпарат өнімді арттыру үшін жеткіліксіз. Сондықтан бұл ауданның топырағына толыққанды зерттеу жасауымыз қажет», — деді Раушан Рамазанова.

Өз кезегінде ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Дастан Құдабаев облыста 30 мың шаруашылық бар екенін, оның 25 мыңнан астамы ұсақ шаруашылықтар екенін айтты. Оның айтуынша, қызығушылық танытқан үлкен шаруашылықтармен топырақтану институты келісімшартқа отырып, зерттеу жүргізуге кірісуі қажет.

Отырыс нәтижесінде ғалымдар мен басқарма басшысы Балқаш ауданы көлемінде ғана емес, облыс бойынша дақылдардың өнімділігін арттыру үшін бірлесе жұмыс істеуге келісті.

«Әр ауданның табиғи-климаттық жағдайын ескере отырып, жаңа технологияларды, ғылымдағы жетістіктерді және тағы басқа үрдістерді ғылыми түрде зерделеп, жұмыс атқаруымыз керек», — деді басқарма басшысы.

Айта кетейік, облыс бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер көлемі — 4 164 мың га, егістік – 457,8 мың га. 2022 жылы Балқаш ауданында 29 809 га жерге егін егілді.

Тегтер: Балқашдәнді дақылөнім

Соңғы жаңалықтар

ОСК жаңа Конституция жобасы бойынша референдум бюллетенінің мәтінін бекітті

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Алматы облысы білім басқармасының басшысы тағайындалды

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Алматы облысында жүк көлігі жеке тұрғын үйге соғылды

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Алматы облысында полиция трассаларды дрондар арқылы бақылауды күшейтті

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Қазақстан XXV қысқы Олимпиадада нешінші орын алды?

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz