27 қазанда «Браконьер» жедел-профилактикалық шарасы барысында Балқаш ауданы Құйған ауылы маңында полицейлер Жамбыл облысының 45 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды alataunews.kz.
Ер адам моторлы қайықпен және тыйым салынған моножіпті торлармен заңсыз балық аулап жүрген.
Тінту кезінде 50 келіден астам көксерке мен рұқсат етілмеген аулау құралдары тәркіленді. Балық ресурстарын заңсыз өндіру бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, мемлекетке келтірілген залал 425 844 теңге болды. Тәркіленген балық сатуға жіберіліп, түскен қаражат мемлекетке аударылады.