«2022 жылы ауданда 744 жұмыс орны құрылды. Жоспардың 46,5%-ы ғана орындалды. Бұл — облыстағы ең төменгі көрсеткіш. Қысқа мерзімді оқытуға, жастар практикасына, әлеуметтік және қоғамдық жұмыстарға 335 адам жіберілді», — деді өңір басшысы Марат Сұлтанғазиев.
Ал аудандағы өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың үлесі облыс бойынша ең жоғары деңгейде. Олардың саны 5000-ға жуық.
Сонымен қатар облыс әкімі жақында Алматы облысының «2029 жылға дейінгі халықтың табысын арттыру жөніндегі өңірлік жоспар» қабылданатынын айтты. Бұл жоспар жұмыспен қамту саласын дамытуға, тұрғындардың бастамаларын қолдауға бағытталған.
«Жұмыспен қамту саласына жауапты басқармаларға жоғарыда аталған жоспардың сапалы орындалуын және көзделген көрсеткіштерге қол жеткізуді тапсырамын», — деді Марат Сұлтанғазиев.