Бұл туралы облыстық «AMANAT» партиясының төрағасы Қуат Байғоджаев депутаттық фракция отырысында мәлімдеді.
Оның айтуынша, бағдарламаға облыстың барлық 133 ауылдық округі қатысып жатыр. Бірақ бекітілген шарттарға сәйкес жобаға Қонаев, Есік, Талғар, Қаскелең қалаларының тұрғындары қатыса алмайды.
«Биыл өңір жұртшылығынан сомасы 9,5 млрд теңге болатын 1 300-ден аса өтінім түсті. Оның 717 өтінімі бойынша сараптама жүргізілуде. Қалған 619 бизнес-жоспар мақұлданды. Қазіргі уақытта 286 қарыз алушыға жалпы сомасы 1 969 млн теңгеге несие берілді», – деді Қуат Байғоджаев.
Жалпы бағдарлама бойынша Жамбыл, Кеген, Райымбек, Ұйғыр, Еңбекшіқазақ аудандарында 22 ауыл шаруашылығы кооперативтері құрылған.
Сондай-ақ өсімдік және мал шаруашылығы саласында әзірленген 50 жоба ауылдық елдімекендерде халыққа қызмет көрсету жоспары таныстырылды. Бұл жобаларға қарқынды бау-бақшаны дамыту, жылыжай кешендері, шағын құс фабрикасы, бал өндіру, жем-шөп дайындау, жиһаз, киім-кешек тігу және басқада өндірістер ашылатын болады.
Айта кету керек, «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасында аталмыш жоба аясында 1 500-ден аса жұмыс орны ашылады деп жоспарланған.