Айтуынша, бүгінгі таңда 22,1 млрд. теңге сомасына 3 582 өтінім қабылданды. Оның ішінде сәйкестігі тексеріліп, 4,3 млрд. теңгеге 593 өтінім мақұлданды. 12 шілдедегі дерекке сәйкес, ауыл тұрғындарына 104,4 млн. теңге сомасына 16 шағын несие берілді.
Сондай-ақ спикер 3 жұмыс тобы құрылып, олар ауыл-ауылды аралап, түсіндірме жұмыстарын жүргізетінін айтты.
Айта кетейік, биыл бұл бағдарламаға республикалық бюджеттен 8,3 млрд теңге бөлінген. Бағдарлама аясында ауыл тұрғындары өз ісін дамыту үшін жеңілдетілген несие ала алады. Номиналды сыйақы мөлшерлемесі — жылдық 2,5%.