Махамбет ауданындағы Жайық өзенінде су деңгейі көтерілуіне байланысты облыстық ТЖД 2 бірлік техникасы мен 33 жеке құрамы Сарайшық ауылында бөгеттерді нығайту жұмыстарына кірісті. Тасқынға қарсы шаралар тәулік бойы жүргізіліп жатыр.
Атыраудағы су деңгейі көтерілуінің ең жоғары көрсеткіші апта соңында болады деп болжанған еді.