Бұған дейін БАҚ 7 мамырдан 8 мамырға қараған түні әскери бөлімнен қару-жарақ пен оқ-дәрі алып қашып кеткен сарбаз туралы хабарлаған болатын. Оны ұстамақ болғанда, сарбаз оқ жаудырған көрінеді.
Оқиға 8 мамырда Атырау гарнизоны әскери бөлімдерінің бірінде болған.
«2024 жылғы 8 мамырда Атырау гарнизоны әскери бөлімдерінің бірінде мерзімді әскери қызметшінің өзіне бекітілген қарумен аз мерзімге рұқсатсыз кетіп қалу фактісі тіркелді», — деп хабарлады Атырау гарнизонының баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта әскери қызметші бөлім орналасқан жерде, зардап шеккендер жоқ. Тергеуге байланысты басқа ақпарат жария етілмеді.