ТЖ жөніндегі жедел штабта өткен брифинг барысында Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев «үлкен су» қайдан келетінін және қандай елді мекендер қауіпті аймақтарда тұрғанын айтты.
«Жайық өзені бізге солтүстіктен оңтүстікке қарай ағады. Қазіргі уақытта Бесікті, Алмалы, Береке елді мекендеріне су басу қаупі төніп тұр. Қазіргі уақытта бұл елді мекендерде екі қорғаныс желісін салу жұмыстары жүргізіліп жатыр», — деді Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев.
Айта кетейік, бүгінде Атырау мен оның маңында 58,5 шақырым бөгет тұрғызылған. Жағалауды нығайту жұмыстарына 820 техника, 2225 мемлекеттік қызметші және 3354 ерікті жұмылдырылды.