22 мамыр күні Жалғансай ауылының кіреберіс автожолында салынған бөгет бұзылған болатын. Салдарынан су елді мекенге қарай тарады.
Су шайған бөгет толығымен қалпына келтірілді.
Бүгін тасқын суларын айдау бойынша авариялық-құтқару жұмыстары аяқталды, жалпы саны 527 332 текше метр су сорылды.
Ұзындығы 7 шақырым бөгетті нығайту бойынша жұмыстар жүргізілді. Қазіргі уақытта бөгетті қосымша нығайту бойынша жұмыстар жалғасып жатыр.