«Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты қылмыстық іс апелляциялық сатыға түсті. Судьяның 11 маусымдағы қаулысы бойынша, істі қарау 2024 жылғы 26 маусымға, сағат 10.00-ге белгіленді. Жоғарғы Сот қоғамның сот процесіне қызығушылығының артқанын ескере отырып, апелляциялық сатыдағы сот отырыстарының онлайн-трансляциясын жалғастыру туралы шешім қабылданды. Сот отырыстары тікелей эфирде өтеді», — делінген хабарламада.
Бұл сот процесінің барысы туралы барлық ақпарат Жоғарғы Соттың әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларда жедел жарияланатыны айтылды.