Оқиға 12 ақпанда Астанада болған еді. Белгісіз ер адам қызға шабуыл жасады. Болған оқиғадан кейін қаскүнем жасырынып қалған. Оған іздеу жарияланды. Кейін оның Семейдің тумасы екені белгілі болды.
«Келіп түскен бағдар бойынша Абай облысы ПД жеке құрамы бағдарланды. Сағат 6:00 шамасында полиция ротасының инспекторлары Семей қаласына кіреберісте салонында күдікті отырған Тойота көлігін тоқтатты», — деп жазылған хабарламада.
Ер адам ұсталды. Жақын арада елорда полициясына беріледі.