Процесс Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өтіп жатыр. Істі судья Айжан Күлбаева қарайды.
Сонымен қатар, сот отырысына қатысуға қос тараптың өкілдері де келді.
Олардың арасында марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді мен Қуандық Бишімбаевтың анасы бар.