«22 маусым күні оқу-жаттығу рейсін орындау барысында жеке меншікке тиесілі TL-2000 ұшағы апатқа ұшырады. Бортта болған екі адам мерт болды», — делінген министрлік таратқан ресми хабарламада.
Қазіргі таңда оқиға орнына Көлік министрлігінің Транспорттағы оқыс оқиғалар мен инциденттерді зерттеу департаментінің мамандары жетіп, арнайы тергеу комиссиясы құрылды. Тергеу амалдары басталып кетті.
TL-2000 Sirius — екі орындық, жеңіл моторлы ұшақ. Ол негізінен оқу-жаттығу, спорттық авиация және жеке әуе сапарларына арналған. Бұл санаттағы ұшақтар жоғары маневрлік қабілетке ие болғанымен, олардың қауіпсіздігі ұшу алдындағы тексерістер мен техникалық күтімнің толық сақталуына тікелей байланысты.
Апат себептері арнайы комиссияның зерттеуінен кейін анықталады. Қазіргі уақытта оқиғаға байланысты қосымша мәліметтер жарияланған жоқ.






