Жеңіс Қасымбек LRT құрылысының қарқынды жүріп жатқанын жеткізді.
«Осы жылы біз құрылыстың эстакадалық бөлігін толық аяқтауды жоспарлап отырмыз. Ол дегеніміз бетон жұмысы және эстакада барлығы көтеріледі. Келесі жылы құрылыстың беткі жұмыстары аяқталады, яғни рельстері салынып бітеді. Сонымен қатар, биыл стансалардың бір бөлігі іс жүзінде аяқталады. Одан бөлек, бүгінде пойыздар мен құрылғыларға тапсырыс беру жұмыстары атқарылып жатыр», — деді Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек.
Айта кетейік, 2023 жылдың 30 маусымында Астанадағы LRT құрылысын жалғастыруға 50 миллиард теңге бөлінді.