Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіханов № референдум учаскесінде өз таңдауын жасады, деп хабарлайды alataunews.kz.
«Бүгін еліміз үшін маңызды оқиға – атом электр станциясын салу жөніндегі референдум өтіп жатыр. Референдум – демократияның маңызды құралы. Әр азамат өзінің позициясын білдіруге құқылы. Мен өз елімнің тұрғыны ретінде отандастарыммен бірге дауыс беруге келдім», – деді Асхат Бердіханов.
Жалпы Қонаев қаласы бойынша 30 референдум учаскесі жұмыс істеп тұр. Оның ішінде 26 -сы ашық, төртеуі – жабық учаске. Сайлаушылар саны — 44581.