Ақтөбе облысы ТЖД бастығы Нұрғали Жүнісовтың басшылығымен Ырғыз ауданы Құйлыс ауылының тұрғындарын аудан орталығына алдын ала эвакуациялау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
«Осыған дейін Мамыр, Нұра, Белшер ауылдарынан 800-ден астам адам эвакуацияланды. Қазіргі уақытта Құйлыс, Жайсаңбай және Белшер ауылдарында бөгеттерді нығайту жұмыстары жүргізіліп жатыр», — делінген Ақтөбе облыстық ТЖД хабарламасында.