Бұл жантүршігерлік қылмыс Щучьеде осыдан 4 жыл бұрын болған. Бес жетімекті қамқорлыққа алғандар екі жасар баланы өлтіріп тастаған. Бірақ оны осы күнге дейін ешкім білмепті.
Бұл қылмыс аяқастынан әшкере болған. Асыранды балалардың бірі жақында басы жарылып, миы шайқалып ауруханаға түскен. Бағып алған анасы дәрігерлерге байқамай, өлген баланың туу туралы куәлігін әкеліпті. Ал науқас баланың таяқ жегені анықталған. Осыдан кейін полиция бұл отбасын терксере бастайды. Асырап алған екі жасар ұлы осыдан төрт жыл бұрын қайтыс болған. Оны ешкімге айтпай, бақшаға апарып көме салған. Ақыл есі кем, денсаулығының кінәраты бар бес баланы қамқорлыққа берген жауапты мекеме олардың бірін тіпті о дүниелік болғаннан кейін заңдастырған. Енді олар да заң алдында жауап береді.
Қазір күдікті ретінде 60 жастағы әйел қамуға алынды. Күдіктінің 29 жастағы қызы да тергеліп жатыр.
«Жас баланың мәйіті табылуына байланысты ҚР ҚК 99-бабы, 3-тармағы, яғни «Адам өлтіру» бойынша соталды тергеу басталды. 2018 жылғы бала қайтыс болғаннан кейін асырап алушылар тиісті мемлекеттік мекемеге хабар бермеген. Қазір сот-медициналық және басқа да сараптамалар тағайындалды. Тергеу ісіне байланысты басқа ақпарат жария етілмейді», — дейді Ақмола облысы ПД бастығының орынбасары Бахтияр Өтекин.