«Иә, оның жемқорлық дерегіне күдіктелгенін растаймыз. Тергеу мүддесіне орай басқа ақпарат жария етілмейді. Толық ақпарат кейінірек белгілі болады», — деді ведомство өкілдері.
Айта кетсек, Бауыржан Ізбасаров 2022 жылдың тамызында Жетісу облысының ТЖД басқарды. Бұған дейін ол Қызылорда облыстық ТЖД бастығының орынбасары қызметін атқарған.
Антикор ұсталған тұлғаға қатысты қандай бұлтартпау шарасы белгіленгенін нақтылаған жоқ.