«Кәмелетке толмаған науқас бізге жедел жәрдем арқылы келлі, ол Алматы тауларында велошеру кезінде оң бүйрегінен жарақат алған. Бастапқыдағы жағдайы көп қан жоғалтуға байланысты ауыр болды. Шұғыл түрде зертханалық талдаулар және аспаптық толық диагностика жүргізілді. Компьютерлік томография арқылы хирургиялық араласу көлемі анықталды. Нәтижесінде бүйректің ауыр жарақаты байқалып, оның қызметін қалпына келтіру мүмкін еместігі белгілі болды. Сөйтіп бүйректі алып тастау үшін шұғыл нефрэктомия операциясын жасау туралы шешім қабылданды», — дейді уролог дәрігер Қожай Мадигулов.
Бүйректі алып тастау операциясы басқа ешқандай іс-шаралар әсер етпейтін немесе науқастың өміріне қауіп төндіретін ауыр жағдайларда ғана жасалады.
«Мен Алматы облыстық ауруханасының барлық ұжымына ең қиын уақытта көмек көрсеткені үшін зор алғысымды білдіргім келеді. Менің ұлым қатты жарақат алып, тауда көп қан жоғалтты. Біз аурухана басшылығынан үлкен қолдауды сезіндік, әрбір хирургқа және әрбір урологқа алғыс айтамыз. Дәрігерлер менің ұлыма барынша көмек көрсетті», — дейді науқастың анасы Евгения Лапик.
Айта кетейік, Евгения Лапик пен Ром Робенсон Америка Құрама Штаттарының азаматтары, олар демалу үшін Қазақстанға келген.