«AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалының төрағасы болып Қуат Байғоджаев сайланды.
Қуат Сұлтанұлы Байғоджаев еңбек жолын 1983 жылы Шелек ауылында Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебінде мұғалім болып бастаған.
Әр жылдары Еңбекшіқазақ ауданына қарасты ауылдық округ әкімі, білім бөлімі, ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімдерінің басшысы лауазымдарын атқарған.
Еңбекшіқазақ аудандық партия филиалының атқарушы хатшысы қызметінен облыстық филиалдың Атқарушы хатшысы лауазымына дейін жұмыс атқарды.